Assembly of People of Kazakhstan

ҚХА кафедраларының қауымдастығы

Қазақстанның білім саласындағы ұлттық саясатының бағыттарының бірі - этномәдени төзімділікті қалыптастыру. Осыған байланысты этномәдени толеранттылықты қалыптастыру мәселелерін шешу үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары (орталықтары) құрылды

ҚХА кафедраларының мақсаты этносаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық пәндерді оқытуда теориялық және әдістемелік қамтамасыз ету және іргелі, қолданбалы зерттеулерді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.

Міндеттері:

- оқу процесі аясында ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру;

- қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделінің принциптерін енгізу;

- Студенттер арасындағы қазақстандық азаматтық бірегейлікті нығайту.

06.06.2013 ж. ҚХА мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум негізінде қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор А.А.Башмаков басқарған алғашқы ҚХА кафедрасы ашылды. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы 34 кафедраны, 5 орталықты, 1 қоғамдық кеңесті, 2 секцияны, 1 институтты біріктіреді.

22.10.2014 ж. - Жалпы ғылыми, теориялық, оқу-әдістемелік және ақпараттық базаны қалыптастыру мақсатында ҚХА кафедраларының қауымдастығы құрылды. 2016 жылдан бастап қауымдастықты Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі А.А. Башмаков басқарып келеді.

2020 жылдың ақпан айында қауымдастық аясында 38 кафедра жұмыс жасауда, оның 5-і орталық және 4-уі филиалы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары: 

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-гі Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы

TOP NEWS