Қазақстан халқы Ассамблеясы

Динара Нуралиева: Достықты дәріптеген Ассамблеяға - 25 жыл

Қазақстан халқы Ассамблеясы бірегей институт ретінде 25 жылдан астам уақыт бойы көп этносты Қазақстанның бірлігі мен келісімінің сенімді кепілі болып келеді.


Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті - ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткен жылғы XXVII сессияда сөйлеген сөзінде егемен мемлекет ретінде, біртұтас азаматтық қауымдастық қатарында өмір сүруіміз ел шіндегі қауіпті жағдайларды болдырмауға байланысты дегенді түсіндіре келе, Елбасы өз баяндамасында татулықтың басты символы - Ассамблеяның, бейбітшілік пен келісімнің басты формуласын егжей-тегжейлі ашып берген болатын.

Елбасының өзіндік саясаты, сан қилы жобалары мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы, қазақ елін алға жетелер, сенім берер сындарлы саясаты қазіргі әлемдік қиыншылықта да халыққа күш-қуат беруде.

Дипломатиялық институттың құрылғанына биыл 25 жыл толуы қарсаңында Қазақстан Республикасы да өзге елдер тәрізді ел басына түскен ауыртпалыққа бетпе-бет келуде - дүниежүзілік пандемиямен күрес үстінде. Бұл қиын кезеңнен өту де тек татулық пен бірлікке қатысты. Қандай жағдай болмасын, небір қилы заманда халықтың бірлігі арқылы ғана жеңіске жеткенбіз. Сондықтан, ынтымағымыз ажырамасын!

Кемшіліктерден дұрыс нәтиже шығарып, жетістіктерді пайдалана отырып, болашаққа нық қадам жасай келе, жаңа таным, көзқараспен алға ұмтылу – Қазақ елінде тұратын барлық этнос өкілдерінің өз атқарған істерінен күтетін нәтижесі.

Біз барлығымыз дамудың күшті қарқынымен бірге жүретін қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның қуатты трансформациясының куәсіміз. Жаңа технологиялар адамзаттың дүниетанымын және адамдардың қоғамдағы қарым-қатынасын түбегейлі өзгертеді.

Елбасының ҚХА-ның өткен жылғы XXVII сессиясында айтқанындай, ұлттық бірліктің қазақстандық моделі бірегей ғана емес, жан-жақты саналады. Қазақстанда үйлесімді этникааралық қатынастарды құру тәжірибесіне таяу және алыс шетелдердің көптеген елдері дұрыс көзқараспен қарайды және қабылдайды.

Тәуелсіздігімізді алғалы 28 жыл ішінде Қазақстан халқының бір-біріне деген сүйіспеншілігін, нағыз бірлік пен патриотизмнің белгісін, өз жеріне және халқына, оның мәдениетіне, жалпы құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне деген сыйластығының барына дүнген қоғамдық бірлестігінің өкілі ретінде нақты көз жеткіздім. Қазақстанды экономикалық және саяси табысты, бейбітті және тұрақты мемлекетіміз деп танимын.

Мен, халқымыздың бірлік пен келісімді сақтай отырып, уақыт сынына адал жауап беріп, жаңа биіктерге жете алатынына сенімдімін!

Динара Нуралиева,

Жамбл облыстық «Вынхуа» дүнген

этномәдени бірлестігінің мүшесі,

облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілі

Возврат к списку