Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын өткізу ережесі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1. Жалпы ережелер

1.1. Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізуге  арналған осы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №837 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына сәйкес әзірленген.  

1.2. Конкурстың басшылығы:

1) Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – Құрылтайшы) болып табылады.

2) Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) болып табылады.

1.3. Осы Ереже конкурстың өткізілу тәртібін және жобаларды іріктеу өлшемдерін айқындайды.

2. Конкурстың мақсаты және міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбындағы материалдарды жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына жәрдемдесу болып табылады.

2.2. Конкурстың міндеттері: 

1)  бұқаралық ақпарат құралдарындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашатын, мәдениаралық диалогты дамытуға жәрдемдесетін бағдарламалар мен материалдарды дәріптеу; 

2) ақпараттық кеңістікте көп этносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің озық  үлгілерін ілгерілету; 

3) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

4) БАҚ-тағы қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік мәселелеріне арналған публицистикалық материалдардың сапасын арттыру;  

5) қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ-тың рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар және жеке авторлар қатыса алады.

3.2. 2018 жылғы Конкурсқа соңғы 2 жылда өткізілген конкурстардың жеңімпаздары қатыса алмайды.

3.3. Әр қатысушы тек 1 (бір) өтінім бере алады.

4. Конкурс басшылығы

4.1. Конкурс құрылтайшысы конкурсқа жалпы басшылықты жүзеге асырады.

4.2. Өңірлік деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылықтары Құрылтайшы, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастырушы болады.

4.3. Ұйымдастырушы:

- осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

- қазылар алқасын құрады және оның құрамын бекітеді; 

- конкурстың барлық рәсімдері мен оның өткізілу тәртібін айқындайды және  конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;

- конкурс қорытындыларын бекітеді;

www.assembly.kz сайтында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, конкурстың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.

4.4. Конкурс жеңімпаздарын айқындау мақсатында Ұйымдастырушының қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар.

4.5. Конкурс жеңімпазын қазылар алқасы айқындайды.

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі

5.1. Конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған,  2018 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейін БАҚ-та, оның  ішінде, этномәдени бірлестіктердің бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланған баспасөз материалдары, теле- радиобағдарламалар қабылданады.

5.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін ашуға арналған үздік талдамалық материал; 

- Ассамблея қызметінің жаңа бағыттары мен жобаларын ашып көрсететін үздік материал; 

- өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған үздік материал;    

- мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолданылу аясын кеңейту мәселесіне арналған үздік материал;

- әлеуметтік желілерде, сондай-ақ ақпараты берудің жаңа әдістерін қолдана отырып (вайнерлер, блогерлер) қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге арналған үздік материал;

- «Астана: татулық пен келісімнің 20 жылы» тақырыбына арналған үздік материал үшін арнайы жүлде.

5.3. Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

- өңірлік конкурсқа қатысу үшін қатысушылар 2018 жылғы  20 маусымнан бастап 2018 жылғы 5 қазанға дейін конкурстық жұмыстарды жібере алады;

- конкурстың бірінші (өңірлік) кезеңінен өткен конкурстық жұмыстар 2018 жылғы 5 қазаннан 2018 жылғы 15 қазанға дейін өтетін конкурстың екінші (республикалық) кезеңіне жіберіледі.

5.4. Өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-і немесе Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық және Астана мен Алматы қалалық хатшылықтары өңірлік кезеңнің конкурс жеңімпаздарының материалдарын өңірлік конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының көшірмесімен бірге жабық конвертпен  2018 жылғы 5 қазанға дейін мына мекенжайға жібереді: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 10,  Министрліктер үйі, 13-кіреберіс, 681-кабинет.

5.5. Үздік жұмыстарды салтанатты марапаттау Астана қаласында 2018 жылғы қараша айында өткізіледі.

5.6. Конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді қабылдау уақыты өткеннен кейін берілген немесе конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қаралмайды.

5.7. Конкурсқа жіберілген материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.

6. Конкурстық өтінімді ресімдеу талаптары

6.1. Конкурсқа қатысуға өтінім беру оған қатысушының осы Ережеде көзделген, конкурсқа қатысу талаптарымен және шарттарымен танысып, келіскенін білдіреді.

6.2. Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінім:

- кандидаттың осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған  өтінімді;

- өтінімнің конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын қосымша құжаттарды қамтуы тиіс.

Бір өтініммен берілетін материал саны 3-еуден кем болмауға және 5-еуден артық болмауға тиіс.

6.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына конкурстың атауы мен жіберушінің деректерін көрсетіп, электронды түрде, сонымен қатар, жабық конвертпен жіберуге болады.

6.4. Конкурсқа қатысу үшін келіп түскен өтінімді конкурсты ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысу үшін тіркейді.

Ақпараттық сипаттағы қысқа хабарламалар /баспасөз баяны, түйіндемесі, т.б./ қабылданбайды.

6.5. Конкурсқа қатысуға түскен өтінім осы Ережеде көзделген талаптар бұзылған жағдайда, қабылданбайды және тіркелмейді.

 

Байланыс телефондары: + 7 7172 74 12 13, + 7 7172 74 12 15

E-mail: info_rgy@mail.ru

 

№1 ҚОСЫМША 

Журналистика саласындағы 

«Шаңырақ» шығармашылық конкурсына қатысуға арналған

өтінім  

1. Қатысушы туралы мәліметтер:

* облысы, елді мекені;

* тегі, аты, әкесінің аты;

* туған жері және туған жылы;

* ұлты;

* тұрақты тұратын жері;

* байланысу телефоны;

* оқу орны/жұмыс істейтін жері;

* лауазымы;

* жұмыс өтілі.

2. Шығармашылық құжаттар:

* баспа БАҚ-та жарияланған материалдардың сканирленген көшірмелері;

* интернет-ресурстардағы парақшалардың басып шығарылған көшірмелері;

* теле-, радио бағдарламалардың дискке DVD, CD форматында жазылған жазбалары.

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.