ЮНЕСКО — азаматтық қоғамдағы маңызды рөлі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

ЮНЕСКО қолдауымен өтіп жатқан «Астана: бейбітшілік пен келісім орталығы» Халықаралық конференциясының пленарлық отырысында бейбітшілік пен келісім үшін тұрақты даму мақсатына жету: азаматтық қоғамның рөлі тақырыбында конференцияның кілт баяндамасын И. Рогов — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директорының орынбасары, К. Пиккат — Алматыдағы Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бойынша Кластерлік Бюросының директоры, Л. Прокопенко — Қазақстан халықтары Ассамблесы Төрағасының орынбасары, Д. Бхатнагар – ЮНЕСКО Клубтары, Орталықтары және Ассоциацияларының бүкіләлемдік Федерациясының президенті оқыды.

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің Төрайымы Әлия Ғалымова:

«Көзделген мақсаттардың басым көпшілігіне жетіп отырмыз. Дегенмен де Қазақстанда бір қатар күрмеуі шешілмеген мәселелер бар. Ауқымды мемлекеттік бағдарламалар: кедейшілік деңгейін төмендету, жұмыссыздықтың алдын алу, денсаулық сақтау, білім саласындағы кемшіл тұстарды оңалту қажет етеді.

Биылғы жылы әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру үшін қомақты қаржы бөлініп отыр. Яғни, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына, жастар саясаты, балалар мен жасөспірімдер бастамасына, ұлттық бірлікті күшейту, білім және ғылым саласына, азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын дәріптеуге, гендерлік саясатты қолдауға жұмсалады.

Конкурс жүзінде өткізілетін жобаларға мемлекеттік емес ұйымдар қатысып, ұтып алған соң, қоғамда жүзеге асырады.

Сонымен қатар 100 гранттық жобаны іске қосу көзделіп отыр.

ЮНЕСКО клубтарын тарту арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша азаматтық қоғамды және сананы жаңғыртуды жетілдіру де қарастырылуда.

2025 жылға Қазақстан халқы мемлекетке қамқорлықпен қарап, азаматтық ұстанымын нығайтады деп күтілуде», — деді.

Баяндамаға Б. Есекин, Е. Қаражан, В. Ильина шығып, ЮНЕСКО-ның даму жолындағы тұрақты модель болатындығын сөз етті.

Ел татулығын, халықтар бірлігін сақтап тұратын ортақ жобаларды іске асыруға ұмтылып отыратын Қазақстан үшін халықаралық конференциялардың маңызы айрықша екеніне сарапшылар дең қойып отыр.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 2 Шілде, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.