Стамбулда Князь Мирзоевтің «Құрдтар. Тарих және қазіргі заман» кітабы жарық көрді

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Құрдтар. Тарих тоғысында» деп аталатын бірінші томда ғылыми тұрғыда тереңінен құрдтардың тарихи және тілтанымдық шығу тегі, жаңа замандағы құрд ұлтының саяси тарихы мен тағдыры қарастырылған. Сонымен қатар үлкен деректі материалда жақын және алыс шетел мемлекеттерінде өмір сүріп жатқан құрд ұлт өкілдерінің тарихы мен тағдыры талданған.

«Құрдаттардың мәдени мұрасы» деп аталған екінші томда ұлттың тілі, әдебиеті мен мәдениеті жете зерттелген. Құрд жазушылары мен ақындарының шығармашылығына, құрд әдебиетінің Еуразия құрлығындағы ұлттар әдебиеті мұрасымен байланыстылығына ерекше мән берілген.

Бұл салмақты кітаптың авторы шығыстанушы ғалым, академик, филология ғылымдарының докторы, құрд ұлтының танымал өкілі Князь Ибрагимұлы Мирзоев. 

Атаулы жұмысқа құрдтардың орасан зор тарихы мен мәдени мұрасы енгізілген, құрд ұлтымен байланысты өзекті мәселелер жете қарастырылған. Бұл алдағы уақытта оқырмандардың ауқымды аудиториясына көптеген жаңалықтар алып келетіні сөзсіз және құрд ұлтының тарихы, саясаты, мәдениеті, тұрмысы мен тіршілік кеңістігі, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты танымдық тұжырымдама жасауға көмек болады.    

Бұл әлемдік қауымдастықтағы құрд ұлтының тарихын, мәдениетін және қазіргі жағдайын айқындаудағы қосылып отырған салмақты үлес, құрд халқының проблемалысының маңыздылығы туралы ұғымын кеңейтеді.   

Кітап мазмұны мен стилі жағынан негізінде саясаткерлерге, халықаралық қатынастар жайындағы мамандарға, геосаясатқа, саясаттануға, тарихқа, әлеуметтануға, филолог-шығыстанушыларға, әдебиеттанушыларға, мәдениеттанушыларға, тілтанушыларға, сондай-ақ Шығыстың көнеден келе жатқан халықтардың бірі – құрд ұлтының тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын оқырмандардың кеңейген оратасына арналған автордың үлкен энциклопедиялық еңбегі болып табылады.

 

Материал http://www.berbang-nur.kz сайтынан алынды.

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 23 Шілде, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.