ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХАТШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚР КОНРАД АДЕНАУЭР АТЫНДАҒЫ ҚОР ӨКІЛДІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылық меңгерушісінің орынбасары Назипа Шанаи мен Қазақстан Республикасындағы Конрад Аденауэр атындағы Қор өкілдігінің директоры Томас Хельм арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында Конрад Аденауэр атындағы Қор өкілдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының арасында 2017 жылы жасасқан серіктестік Меморандумының жүзеге асырылуы талқыланды.  

Соның ішінде екі мемлекет халқының көші-қоны бойынша зерттеу тәжірибесін ұйымдастыру, этникалық топтар тілінің дамуы, білім және біліктілікті арттыру мәселесі, сонымен қатар сандық жүйеге көшу мәселесі қозғалды. Екі жақ интеграциялық саясат мәселесі жөнінде мамандар мен ғалымдардың қатысуымен біріктірілген шаралар ұйымдастырып өткізуге келісті.

Қор өкілдері республика аумағында өмір сүріп жатқан барлық халықтың этносаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісімінің нығаюы, құқықтық қамтамасыз ету мәселесін сақтауда Қазақстанның оңтайлы тәжірибесі мен Ассамблеяның ролі маңызды екенін айрықша атап өтті. Томас Хельм көптеген елдерге үлгі боларлық этносаралық үйлесімнің, бірлікті нығайту және мәдениетаралық диалогте Қазақстанның көшбасшылығы даусыз екенін де атап өтті.   

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 23 Шілде, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.