Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Назарбаев Университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Назарбаев Университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжатқа қол қою ЖОО өткен «Қазақстан мен Германияның интеграциялық саясаты. Салыстырмалы талдау» халықаралық конференция аясында өтті.

Қос тараптағы маңызды құжатқа Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко және Назарбаев университетінің ректоры Шигео Катсу мырза қол қойды.

ЖОО тығыз серіктестік туралы Хатшылық меңгерушісі: «Қазақстанның зияткерлік көшбасшысымен білім беру, ғылым тұрғысынан жұмыс істеу Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіндегі маңызды басымдық болып табылады. Ғылыми саладағы мұндай ынтымақтастық Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін ілгерілетуге және одан әрі өзара іс-қимылды нығайтуға табысты ықпал етеді деп ойлаймын», — деді Л. Прокопенко.

Конференцияның барысында Қазақстан мен Германияның көші-қон саясаты: көшіп-қонушылардың негізгі ағымы, еңбек көші-қоны және келешекке болжамдар мәселелері талқыланды. Әңгіме этникалық топтарды интеграциялаудағы ҮЕҰ мен мемлекеттік мекемелердің рөлі, мигранттарды бейімдеу мен интеграциялаудағы этномәдени бірлестіктердің мүмкіндіктері және олардың билік органдарымен өзара іс-қимылы туралы болды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз. 

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 14 Қыркүйек, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.