Аналитика

Ойыншық отау

Байырғы бабаларымыз елдің ертеңін баланың қалай ойнағанына қарап болжаған деседі. Бүгінгі қоғамда біз жиі қолданатын «бала – елдің болашағы» деген ұран осы бір оймен ұшта сып жатқандай көрінеді. Баланың ойлауы дұрыс ойнауынан басталатынын о бастан сезген халқымыз бұл мәселеге еш уақытта атүсті қарамаған.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі табысты төрағалық

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне (БҰҰ ҚК) тұрақты емес мүше болып сайлануы — мемлекет тәуелсіздігінің жас тарихында жеткен ең бірегей жетістіктерінің бірі. Қазақстан 2017 жылы іргелі ұйым құрамында болса, осы жылдың қаңтар айында Кеңеске төрағалық еткен болатын. Осы уақыт аралығында қандай жұмыстар атқарылды, еліміз қандай мәселелер көтерді? Қазақстан бастамалары қолдау тапты ма? Осы сұрақтар төңірегінде сараптап көрсек.

Әліпбиді ауыстыру — өркениетті шешім

Елдік мәселеге айналған латын әліпбиіне көшу ұлт ертеңі үшін қажетті маңызды шешім. Бірақ, бұл бүгін ғана пайда бола салмаған, тарихи түбірі бар мәселе. Демек, біз осы арқылы тарихи санамызды қайта жаңғыртпақпыз. 

Жемқорлықпен күрес тоқтаған емес

Жемқорлық мәселесі елімізде ұзақ жылдардан бері өзекті мәселе ретінде танылып, бұл кеселге қарсы үздіксіз күрес жүргізіліп келеді. Елбасының Үндеулері мен Жолдауларында да жемқорлықпен күрес арнайы аталады, жемқорлықпен күрес тәсілдеріне де бағыт-бағдар беріліп, кешенді түрде жемқорлықпен күрестің жалғаса беретіні ұдайы айтылып отырады. Яғни, жемқорлықпен күрес елімізде бір сәт те тоқталған емес.

Шалажансар жобалардың қатары сиреп, сауатты бағдарламалардың саны артуы үшін...

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жеке дара бөліп алып қарастырған болатын. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ «Туған жерге туың тік» деп бекер айтпаған. Отансүйгіштіктің бастауы туған жерден шығады. Өзіңнің туған еліңді сүю, туған  жерге деген қамқорлық әрбір қазақтың қанында бар дүние. 

«Қазақстан барысы — 2018» анықталды

1 шілде күні еліміздегі беделді спорт бәсекесі «Қазақстан барысы» болып өтті. Республикалық турнир бұл жолы Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Балуандар белдесуіне 14 облыс пен Шымкент, Алматы, Астана қалаларынан және әскерилер арасында іріктеуден өткен 37 үздік балуан қатысты. Олардың ішінде турнирдің былтырғы жеңімпазы қатысушылар сапына іріктеусіз енді.

Өзіміздің Гер-ағаң

Кіндік қаны көрші елдің топырағына тамса да дүниеден озғанынша қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап өткен белгілі жазушы, публицист, қала берді қазақ әдебиеті мен өнерінің жанашыры Герольд Карлович Бельгердің көзі тірі болғанда  бүгінгі күні  ол өзін еркелетіп өткен халқының ортасында сексен төрт жасын тойлаған болар еді. 

«Көшпенділер әлемі» халықаралық фестивалі өтті

Көшпенділер мәдениетіне арналған «Көшпенділер әлемі» Халықаралық фестивалі 30 маусым мен 1 шілде аралығында «Қазанат» атшабарының аумағындағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені жанындағы алаңда өткізілді.

Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған фестиваль аясында орта ғасырлардағы батырлардың бейнесі қайта «тіріліп», ұрыс даласындағы айқас түрлері мен жалпы көшпенділер мәдениеті көрсетілді.

Екі күнге созылған ауқымды шараға Венгрия, Болгария, Түркия, Украина, Башқұртстан, Якутия, Қырғызстан мен Қазақстан командалары қатысты.

Қазақстан – ұлттық мемлекетке айнала ма?

Қазақстандағы этностар мен диаспоралар тарихын зерттеу қазіргі таңда белгілі бір деңгейде жүйеленді. Тәуелсіздік жылдары жарық көрген ғылыми, публицистикалық және көркем әдебиеттерде бұл жан-жақты көрініс тапты.  Бүгінде көзі ашық, көгірегі ояу адамның бәрі Қазақстан халқының негізін бір ғана — қазақ ұлты құрайтынын, ал басқа этнос пен диаспора өкілдерінің патшалық Ресей мен Кеңес Одағы дәуірінде түрлі жағдаймен бас сауғалап келіп, қоныстанып қалғандардың ұрпағы екенін біледі және мойындайды. Оған Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің 2017 жылы 27 сәуірде өткен «Тәуелсіздік. Келісім.

Ассамблея арқылы қайырымдылық жұмыстары жандана түсті

Қайырымдылық қазақ халқының қанында бар қасиет. Атымтай Жомарт атанған талай азамат елімізде баршылық. Қонақжай қазақ халқының қайырымдылық жұмыстарында да белсенділігі жоғары екеніне, жыл сайын қайырымдылық ұйымдары санының үдемелі артып отыруы мен әлемдік рейтингтегі көрсеткіштеріміз дәлел. Негізінен елімізде жасалатын қайырымдылық жұмыстары белгілі бір мекеме тарапынан қадағаланып, есепке алынып отырмайды.

Беттер